Қарны шыға бастаған, ет-жеңді адам туралы. ~ Заң, закон шариғаттан адастырып, Би шықты қозы қарын формы жоқтан. Кіргізіп дін жолына партиясын, Жем болып, ақыл сұрап әр ұлықтан. М.-Ж.Көп. ~ Өйткені, бет әлпеті мөлдіреп түскен леп белгісіне ұқсайтын осы бір ақ сары, орта бойлы, шығыңқы қозы қарыны бар етжеңді кісіні жек көрмейтін едім… Жек көрмейтін едім… — сөз емес, шынымды айтсам, жақсы көретінмін. С.Шайм. * Қасындағы үш-төрт серiгiне әлденелердi сыбыр-лап, қитұрқылана айтқан сайын тырсиған қозы қарнына күш түсетiндей еңкiлдеп еппен күледi. Ж.Шаш. * …Сахнаға қозы қарынды, елулер шамасындағы Дәулетбай кірді. Қ.Ысқ. ~ Анықтап зер салсаң бет пішінінен ғана емес, дене пошымынан да өзгерістер байқайсың: сонау бір жылдарда сидалау жігіт еді, бүгінде қозы қарынды, кәдімгі ересектіктің еңсесін көтерген, ағалықтың ауылына қазық қаққан орта жас қалыбындағы жан егесі. Т.Әлж. * Жападан жалғыз төрт қабырғамен алысқанына міне, төрт ай. Жүдеді, жуан мойын жеңішкерді, қозы қарынды ырсиған қабырға жұтып қойды. Қ.Жиенб.
