Posted in

ҚОЗЫ ӨРІСІНДЕЙ ЖЕР

Аумағы шағын, пәлендей үлкен емес. ~ Бөжей қыстауы қозы өрісіндей жерде тұр. Қораға кірген екен. Мүржелерінен сары қидың түтіні бықси, шалқып шығып жатыр. М.Әу. ~ Ақшоқы бөктеріндегі қыстаудан қозы өрісіндей жерде Абайдың анасы Ұлжанның төрт құлақты бейіті болатын. Әбіш сол үлкен анасының бауырына қайтады, қасына қойылады. М.Әу, ~ Ұзын өлке бойында Еспе болғандықтан, әрбір қозы өрісіндей жерге саяз құдық қазылып, мол ауыл қоныпты. М.Әу. ~ Ертеңіне жирен сақал шабдар шал бастаған бес шабандоз күн көтеріле атқа қонып, қозы өрісіндей жердегі шаһарға келді. А.См.