У-ду болып, жан -жақтан шу көтерді. ~ Әлден уақытта жатып-жатып есін жиған еркектер ептеп басын көтеріп, бірте-бірте қыбырлап, індерінен шығып өзгелерін дыбыстап шақырып, қатын-қалаш ышқынып, шуласып, балалар енесіне табысқан қозыдай жамырасып, әкелерін, ерлерін, ағаларын іздеуге тырысты. Ж.Айм. ~ Есіктің алдында Әйдербектің ақсақалдары, Рахметәлі, Мелдебек, Сахар сияқты батырлары түгел келіпті. Жасы үлкен Көтібарды көргенде, бәрі қозыдай жамырады. З.Шүк. ~ Қызыл іңір еді. Екі баланы ауылға аттандырды. Қара кемпір көзінің жасын сығып алып отыр. Таймандағы ауыл сол түні үдере көшіп, Сіңіртектіге құлады. Адамның қадірі өлгенде білінеді. Қатындар дауыс қылып, қозыдай жамырайды. З.Шүк.
