Қорқытып-үркітіп, дүрліктірді, озбырлық қылды. ~ Сөйтіп жүріп ауылдастарын қойдай бөріктіретінін қайтерсің! Аузымен орақ орады, сөзден сүрінбейді, дәлелмен соғады. Ә. Асқ. ~ Қиқу салып тығылып жатқан елді қойдай бөрліктірді. Қиратты. Сүйретті. Күйретті. Айдатты. Не керек, ескілік атаулының күлін көкке ұшырды. С.Елу. ~ Қазір сыр бойында он-ақ мың шаңырақ қалған екен. Жоңғар қосынын қойдай бөктіріп қуған Өтетілеу, Жәнібек сияқты қазақ батырлары таяқты қарақалпақтан жеген жоқ па? З.Шүк.
