Posted in

ҚОЙДАЙ ЖУСАТТЫ

ҚОЙДАЙ ЖУСАТТЫ Алдына салып, айтқанын істетті. ~ …аузымыздан қара қан ағызып, қасқыр тамақтаған қойдай жусатып салды шетімізден. Т.Сәу. ~ Хасен талып жатқан неміс солдатының бірінің автоматын ала салып, бәрін бірдей, қойдай жусатып, өзі аман-есен тобына келіп қосылыпты. Т.Ахт. ~ Жұлдызың туды оңыңнан, Жан біткен ерді соңыңнан. Он сан Алаш баласын Жусатып қойдай өргіздін, Жұмсап жүрсің қолыңнан. Бұқар жырау.