Posted in

ҚОЙДАЙ КӨГЕНДЕДІ

Тұтқын қылды; әлімжеттік қылды, айтқанын істетіп, әмір
жүргізді. * Ел ішіндегі сорпа бетіне шығарларды қойдай көгендеді. Ж.Шәк. * Жолымыздағы қала біткеннің бәрін қиратып жоңғар мен қазақ малына жайылым етеміз. Адам біткеннің бәрін қойдай көгендейміз! Саған бұдан артық қандай жол керек? І.Ес. * Сол он бес жылдың ішінде қойдай көгендеп, тұтқын ұстағаны да осы. Ғ.Мүс. * Балпаң байлар мен жер иесї помощиктердї қойдай көгендеп, абақтыға әкелїп қамағанда, қолы бїр қалт еткен жоқ, ешқайсысына аяушылық жасамады. Қ.Жұм. ~ Екі шонжардың мазағы бір бұнымен бітпеді. Арада екі күн өтпей жатып, Румянцев бұл қойдай көгендеп әкелген башқұрттарды тағы да сапқа тұрғызды. Ә.Кек.