Тосыннан айтты, түйеден түскендей дүңк еткізді. ~ Малтабардың бұлай егесуінен, «бергісі келмей отыр ма? Әлде аз бергісі
келе ме?» деп ойлаған Шыңғыс, «не болса да тәуекел» деп: — Елу сом! – деген сөзді қойып қалды. С.Мұқ. ~ Нақ осыдан кейін
көптен бері, жаз бойы көкейде жүрген, әкем айтқан, бірақ жауабын бермеген сұрауды оған қойып қалдым: — Итаяқ, сен
білгішсің ғой, айтшы кәне, осы мынау бес саусақ неге бірдей емес? C.Бақ. ~ Сонда деймін-ау бишара, бишара ғой ол, күліп-
күліп алып, мұңайып отырып алатын. Бір күні тайынайын ба, неге бүйтесін, басың неге салбырайды деп қойып қалдым.
Ж.Нәж. ~ – Осының бәрі былшыл, – деп қойып қалды көп аузын бағанадан үнсіз баққан Қайыңбай. – Мысықтай ыршып,
оңды-солды, жоғары-төмен секіріп жүрген шайтан қақпаныңа түсе қойсын. Ол әлгі ағаштан-ағашқа секіретін маймыл сияқты
шығар. З.Жек.
