Posted in

ҚОҚАН-ЛОҚҚЫ КӨРСЕТТІ (ЖАСАДЫ)

Қорқытып-үркітіп қоразданды. ~ Жандармдар шеруді қуып таратты. Жиынды басқарушы топтарға қоқан-лоққы көрсетіледі. Қ.Әл. ~ Содан жаймашуақ қоңыр күздің бір күнінде Тобықтының ұрдажық бір елубасысы батырсымақ, желбуаз нөкерлерімен келіп, оларға қоқан-лоққы көрсетеді. І.Есх. ~ «Егер сіз бұларды теріске шығарсаңыз келесі жолғыда қазақтың ақ самайлы көнелерін, от тілді, орақ ауызды шешендерін ертіп кеп, бәрін солардың сынына саламын» деген бағдарда қоқан-лоққы жасады. Ұ.Досп. ~ Кездесу кезінде генерал-губернатор Орта жүз бен Кіші жүз Ресейдің тікелей боданы, сондықтан Жоңғар ханының оларға ашықтан-ашық қоқан-лоққы жасап, аманат алуына, алым салуына ешқандай қақысы жоқ деп батыл мәлімдеді. C.Ақт.