Ретке келтірді, жиналды. ~ Қазақ әнінің тұрқын тұжырып, қол-аяғын жинаңқырап, сазын өзгертіп, бипылдатып, лыпылдатып қасымен, қабағымен ойнап, көзімен, бетімен, тамағымен илеп салады. І.Жанс. ~ Қаймақ қатқан нешінші кесені ерніне апара берген келіншек кенет тіксініп етегін қымтады, еркінірек кетіп қалған қол-аяғын жинап отырды. М.Қаб. ~ Ендеше, әкеңнің сөзін бүгін мен сөйлеймін, сен де туған әкеңнің алдында есеп беріп отырмын деп есепте. — Елтай әнтек жайылып кеткен қол-аяғын жинап алды. М.Қаб.
- Есейді, шаруаға жарап қалды. * Екі бала қол-аяғын жинап өскенше, Зейнеп бай ауылының терісін иледі, шүйке түртіп арқан-жіп есті, жіп иірді, сиырын сауды, құрт қайнатты, ірімшік сүзеді. Ә.Шәр.
- Босанды, жеңілдеді. * Күн демалыс, Ораз екеуіңіз біздің дастарқаннан дәм татсаңыздар… Келініңіз қол-аяғын жинады… Б.Тоғ.
.
