Posted in

ҚОЛ АЛЫСТЫ

Амандасты, сәлемдесті. * – Кешіріңіз, танып алмай бассалуға қымсындым. Қол алысуға рұқсат етіңіз!– деп Асқар түрегелді. С.Мұқ. * Екеуі қол алысқан соң қора жаққа айналып бір шаруаны кеңесуге кетті. С.Досж.

  1. Уәделесті, серттесті. * – Ойбай, білгеніңді қыл!– деді ерегіске қызып кететін Асан,– мені аяма! – Рас па, әй Асан? Әкел қолыңды! – Екеуі қол алысты. С.Мұқ. * Шарт қылып, Сүлейменмен қол алысты, – Бұлардың салмаспын, – деп, – басын шарға. Т.Ізтілеу. * Уәделескен адамдай екеуі қол алысты. І.Ес.