Арқа сүйеді, тірек етті; пана көрді; тағдырын тапсырды. * Арғымаққа жүк арттың, Желмаяға оқ арттың. Сырыңды біліп құрметтеп, Қарағым, саған қол арттым. “Нұрғазарын” * Қол артпақ еркегінің сиқы мынау ғой. Бірақ, басқа амалы қайсы?! О.Сәрс. * Нұрбикенің ойын кенет екінші нәрсе бөлді: апырым-ай, осынша бүлінгендей бұған не боп еді? Асамбай сияқты адамға қол артудың өзі бақыт емес пе?.. Б.Майл. ~ – Қайғыру, мұңаю былай тұрмақ, қабағыңызды шытпайсыз. Ылғи көңіліңіз көтеріңкі жүреді. Мұның себебі неде? – деп сұрайды. – Өйткені менің жоғалтатын да, қол артатын да түгім жоқ – депті сонда Сократ. И.Сап.
