Қарамағындағы, билігіндегі жұрт, қолына қараған адамдар. * Солардың ханы Әбілқайыр қол астындағы отыз мың халқымен, ру басыларымен 1731 жылы орыс бодандығын қабылдапты. Ә.Кек. * Есбол қарияға да екі болыстың қол астындағы халықтың ер-азаматы тайлы-таяғына дейін қалмай тегіс жиналыпты. Ә.Нұрп. * Сонда Жәнібек пен Керей әулетінің қол астындағы жұрт баяғыда Шәйбан тұқымынан құқай көріп, қоныс аударып келгенімізде оң жағынан отау тігіп берген ағамыз едіңдер деп үлкен шаңырақ атандырды. Ә.Кек. * Ақ түтек борандай қаһарына жан шыдамаған Қобыланды батырдың бұл жеңісін бүкіл Әбілқайыр қол астындағы ел, ол бір Стамбул мединасын шауып қайтқандай, үш күн тойлаған. І.Ес.
