Posted in

ҚОЛ БАЛА

Жастай ұзатылған, ата-енесі тәрбиелеген келін. ~ Әке-шешеден жастай айырылып, кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу әкесінің қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып, бағатын әдет те бар.
Мұны қазақ “қол бала етіп алу” дейді. Қол бала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен, балиғатқа толғанша ерлі-зайыптылық тұрмыс құрмайды. БАҚ

  1. Біреудің қолында тұрып, жеңіл-желпі жұмыс істеп күн көретін адам. * Ал мен шешем қайтыс болғанда бесікте жатыппын.Өгей шешем есікте жүрген қол бала екен. Қ.Ысқ. * Әуелде қол бала болып нағашы жездесінің су тасу, отын жару тәрізді үй шаруасына көмектескен жігіт кейінірек ел жақсысының атын ерттеп, арбасын жегетін болыпты. БАҚ “Орт. Қаз-н”. ~ – Ал мен шешем қайтыс болғанда бесікте жатыппын. Өгей шешем есікте жүрген қол бала екен. Қ.Ысқ.
  2. «Ұядан алатын бүркіт «қол бала» деп аталады. Екіншісін «түз бүркіт» дейді. БАҚ
  3. Барып кел, алып келге жұмсалатын адам. * Бұрын аңшылық дәуірде адамның бәрі тегісінен тынбай тамақ іздейтін кезде, тұтқынды қожалары қол бала қылып өздерімен бірдей тамақ іздетеді. А.Байт. * Огород салатын машина, колхозшы малына шөп әкеп беретін машина. Тіпті отын-су да трактормен тасылады. Бір сөзбен айтқанда, машина бүгінгі шаруаның қол
    баласына айналған. С.Шайм.