Posted in

ҚОЛ ЖАУЛЫҚ БОЛДЫ

Біреудің жұмсауында жүрген “барып кел, алып келге” айналды. ~~ Бақ малда деген рас-ау, малы кеткен соң бағы кете бастады. Киелі атаның баласы деп жұрт сыйлауын кемітті… Қойшы-қолаңның қатындары да бояуды «сырға» айналдырды. — Аруағыңнан айналайын қайран атаекем-ай, киелі атын жаман-жәутіктерге қол жаулық болды-ау! Ой-қой, заман!.. — деген бай мен бәйбішенің жүрегі қарс айрылды. Б.Майл. ~ Ондай кісінің сөзі арзан; өйткені аузын ашса көмейі көрінеді. Бітуажалыққа жаңа, көп ұсталып қол жаулыққа айналмаған жұмбақтау кісінің сөзі өтімді». М.Сүн. Қол сандықты алдына алып ашқанына едәуір уақыт болды. Сандығында … «Мен ешкімге қолжаулық бола алмаймын», — деп Злиха үйінен қуып шығып еді. Б.Майл.