Posted in

ҚОЛ ЖЕТПЕСКЕ ҚОЛ (БОЙ) СОЗДЫ (ҰМТЫЛДЫ)

Тым биік мақсатқа, арманға қол созды. ~ Мен дағы көп есіттім жастың назын, Қол жетпеске қол созар бар ма ылажың? «Боламынмен» жүргенде болат қайтып, Жалын сөніп, жас жүзін басады ажым. Абай. ~ Жігіттер жасымаңдар оймен тозып, Қол жетпеске көріңдер қолды созып. «Талаптыға нұр жауар» деген сөз бар, Сонда ғана шығарсың үздік озып. Ж.Шәк. ~ Мен айтсам, көпшіліктің көкейіндегісін айтам. Қиян шетте жатқан ауылмыз. Қол жетпеске бой созған неме керек? Ө.Кәріп. ~ – Немене қол жетпеске ұмтылды деп тұрсың ба? Менің сенен нем Яем?! Аяғымды аттан құлап сындырғам жоқ, соғыс алды! Б.Тоғ. ~ Дүрсілдеген жүрегімнің сырын да, оның кілтін де өзің шешерсің. Беймезгіл соққан жүректің де, қол жетпеске ұмтылған көңілдің де кенеулі тетігін шешер әміршім өзіңсің! С.Жем.