Posted in

ҚОЛ ЖУДЫ

Айрылды, жұрдай болды. ~ Қанымбикенің керік қасы дір етіп, төмен қарады. — Төке, биыл жылқыдан қол жудық. Бүкіл ауылдың сусын қылып отырғаны екі-үш бие. З.Шүк. ~ Мәтнияз тайлақтың жабуына жабысқан құмалақтай, бай ауылдың көшіне ілесіп, жылжып қонып жүре берді. Өзі де ығыса-ығыса жырақ шығып кетіпті. Биыл байқады… Өткен қыс сиыр мен қойдан қол жуды… З.Шүк.