Көмекші, қолдаушы. ~ Ертістің арғы жағы «Арғанаты» Әншінің домбырасы — қол қанаты. Жағалай Қара Ертісті Естай ақын Деп салған «Жай қоңыр» дeп әннің аты. Естай. ~ Одан екі жас кіші қызы Алмагүл – әжесіне едәуір қол қанат, оқуы да тәуір, өз ұлтының әдет-ғұрпын білетіні қуантады. Б.Тоғ. ~ Олай деме, балам. Комсомол – партияның қол қанаты. Болашақ коммунизм құрылысшылары сендерсіңдер. Ө.Кәр.
