Қолдады, құптады, амалсыз мойындады. ~ Дүниеде болдырмайтыным жоқ деп, көкірегін керген өзімшіл Батыс Қытайды бұ жалғанда оятуға болмайды деп қол қойды. Ж.Айм. ~ Қақырығы құйма алтын, Түкірігі түйме алтын Қазақстан болды аймақ. Далада ұлы төңкеріс, Қаулап қырда қалың күш Қол қойды да, Қол қоймақ. І.Жанс. ~ Қартқожа орыстың, татардың білетін оқыған кісілерінен сұрастырды. Олар оқумен, ғылыммен табылған деп түсіндірген. Кейбірі Қартқожаға ұқтырмақ болып та әуреленген. Қартқожа түк ұқпаған. «Оқумен табылған» дегенге сенген, қол қойған. Ж.Айм. ~ Төр жақта — аяққа оралып бірер құрым киіз жатыр. Оның қанша керегі бар еді? Әлде, тамақты жерге отырып ішетін бола ма деп жағалай қарасаң, сол ойыңның шындығына қол қоясың. Жерден басқа тамақ ішетін орынның өзі жоқ!.. Б.Май.
- Қағазға қолтаңбасын салды; растады. ~ Кәрім Бөкешев пен Громовтың қол қойған бұйрығы бойынша, Штейнер мен Қабыл Мәулиді штабқа айдап әкеліп еді. М.Дәу.
