Posted in

ҚОЛ ҚЫСҚА (БОЛДЫ)

Мүмкіндігі шектеулі, жағдайы жоқ. * «Кәриямен өзім тілдестім… Ол кісі: «осылай да сылай… өздерің біліңдер… той жасауға қол қысқа…», – деген. Д.Досж. * Елдің бәрі Бектемірдің адалдығына шек келтірмейді. Бірақ біздің қол қысқа. Кімге бара аламыз. С.Смат. ~ — … Уа, құдай қосқан, құйрық-бауыр жескен көне құда! — дейді үй қожасы төрдегі дода сақалға кеудесімен бұрыла қарап. — Көңіліңе келгенің, болса іркіп қалма. Әсияжаннан аяулым жоқ, Оны қиғанда қимайтын нем бар. Көңіл жоғары еді, қол қысқа болды. Дәулет шайқалып, бойдан қуат, беттен нұр тайған шақ. Әйтпесе Әсияма екі жорға мінгізбеймін бе. Ғ.Мұст.