Қолда өсірілген, жергілікті тұқымнан (жануарға қатысты). ~ Қанында шығысың мен батысың жоқ, Ағылшын арғымақтың шатысы жоқ. Қашаннан қазағымның қолтумасы, Араптың дүлдүлінің қатысы жоқ. І.Жан. ~ … жұрт Әбеуді де тауып алып, «бұл қайдан шықты? Қандай тұқымнан, жасы қаншада, қол тума ма?» деп алуан сұрақтар қойып мүлдем тергеу жүргізді. С.Бег.
- Жазба еңбек, туынды. ~ Тарихты, өткен заманның қолтумаларын зерттеу керек деп даурығасың да, тағы да өзің күйкі ләззаттың, құлы болуды үгіттейсің. Ә.Әл. ~ Нұрмолда көпке дейін үндемеді. Ойланып отыр. Тілші оның ойын бағып қалды. Оның ойы — өзі жазбақ боп жүрген болашақ қолтумасын жобасы. С.Бақ.
- Бөтен емес, өз қолында туып-өскен, тәрбие көрген бала; жақын, қандас д.м. ~ … қазақ арасынан мынадай пікірдің тууы және ол анау- мынау біреу емес, өзі тәрбиелеп өсірген қолтума, жақын адамынан шығуы ұлықты бір сәт ауыр ойға қалдырып еді. Қ.Жұм.
- Өзіндік, авторлық шығарма, өнер туындысы.
~ Тек көңіліне бір-ақ нәрсе қонбады: көрем бе деп ойлаған қошқар мүйіз оюлы текемет, ақ киіз, қара киіз сырмақ, құс жастық, қабып тігілген түйе жүн көрпе секілді қолтума, қазақи жиһаз бұл үйде атымен жоқ… М.Қаб.
