Қол ұрып, қошемет көрсетті. ~ Жұрт тегіс қол шапалақтайды. Есімді Андреев орнынан тұрғызады… М.Әу. ~ Қалыңдық құрбылары мен күйеу жолдас жігіттер салтанатпен соңына ерген. Жұрт үдере түрегеліп, қол шапалақтап, қошемет көрсеткен. Ш.Мұр. ~ Пүліштей көк басқан кең жайлауға жаңа шығып, арқа-басы кеңи түскен шопандар осы сөздің өзіне дүрілдетіп қол соқты. С.Бақ.
