Posted in

ҚОЛАЙЫНА ЖАҚТЫ (ЖАҚПАДЫ)

Ойынан шықты; көңіліне хош келді. * Төлегені түз баласы болғалы, көзге тоғанақ боп, өзін күтетін, сыйлайтын қарағы — Ақбілек еді. Ажары да, мінезі де қолайына жағушы еді. Қақ-соқпен ісі жоқ, әдеп-өркенді, салмақты боп өсіп еді. Ж.Айм. ~ Тұяқ – 6-7 қаралы кедейдің баласы. Мұрны кертеш, иегі кемиек бет-аузы құдды шөміш, мойны ішіне кірген. Бейнесіз-ақ жігіт. Сонда да Шекердің қолайына жақты. Ж.Айм. ~ Орыс царизміне орыс халқының әскери талантын, теңдессіз ерлігін жырлайтын-мыс, ал шындығында самодержавиенің билігін одан сайын күшейтіп, соның қолайына жағатын идеяларды уағыздайтын ро-ман-эпопея, роман-фреска керек еді. Т.Әс. ~ Жүректі тілгілеген “саржайлау” күйі күңірене құлағынан кетпей тұр. Соны өзі шертіп жатқан сияқты. Бірақ қолында домбырасы жоқ қой. Оңашадағы жалғыздық қолайына жаққандай. Т.Рыс. ~ Қанды көз үш ай ел аралады, көп əйелді көрді, бір де бірі қолайына жақпады. Ж.Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *