Көмектесті, болысты, жәрдем қылды. ~ Осекең Жақыпқа жақсылық жасап тастағандай қарағай көлеңкесіне міндетси келіп отырды. Қолғабыс еттің, қолымды босаттың деп рақметін де айтқан жоқ. Қ.Ысқ. ~ Егер осында болсаң, онда маған, мүмкін, шөп шабуға қолғабыс етерсің?— деді әкесі кенет. В.Рас. ~ Сол жақсылығын ұмытпай қаншама қолғабыс жасадым. Ә.Ысқ. ~ Зибаға қолғабыс болып жүре бергім де келеді. Ш.Мұр. ~ Қарлы бұрқақ бет қаратпай қақырата ұрғылап, қақырық жерге түскенше қатты түйіршікке айналып тырс еткен дыбысы естіліп тұрған мынау қызылшұнақ қытымыр аяз, ақырған ақпанда жалаңаш-жалпы жүгіре жетіп келіп қар жамылып, мұз төсене жүріп кірешілерге жол бойында қолғабыс жасап күн-түндерін арпалыспен өткізген… Ш.Рахм.
