Posted in

ҚОЛДЫҢ САЛАСЫНДАЙ (БОП) ТІЗІЛДІ

Қаз-қатар, біркелкі болып орналасты. ~ Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес-алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған қайың-теректер бұ күнде қолдың саласындай тізіліп, асқақтап тұр. Б.Соқ. ~ … Шабуыл жасаған жау әскерінің оқтары отқа салған істіктей жылт-жылт етіп, қолдың саласындай тізіліп, жоғары кетіп жатыр… Қолма-қолға жақындап қалған осы тұс екен. Ғ.Мүс. ~ Жыланды бойы ол кезде қолдың саласындай тізілген ел. Т.Әбд. ~ Терезе жақта ең шетте атам, одан соң апам. Одан бері: Оралхан, Оразхан, Қасымқан, Рамазан, мен. Қолдың саласындай боп тізілген адам денесі біртін-біртін кішірейе келіп, Қағаз ағаның кереуетіне тақалғанда бір-ақ таусылады. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *