Posted in

ҚОЛТЫҒЫ ЖАЗЫЛДЫ

Еркін шауып, бабын тапты. ~Төрт аяғын бауырына алып, үңіліп шапқан қазанат тұлпардың қолтығы жазыла түсті, жел тараған жалы батырды бүтіндей көміп қалды, таңмен таласа ұшқан құс сонау, сонау табан астында… М.Қаб. ~ Бекет сенерін де, сенбесін де білмеді. “Мұнда сенен де басқа кісі бар” дегендегісі ме, шар салмай сақаны ғана жасырып ермекке көшкен директор қарсыласының қолтығы жазылардай бір де бір атыс бермей қойды. Қ.Ысқ. ~ Қорамсақ бірер уақ атқа мініп қара күнгейлерден аң аулай бастады. Ақ боз аттың да қолтығы жазылып, тұяқ қышуы басылды. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *