Posted in

ҚОЛТЫҒЫ КЕҢ

Жері үлкен, пейілі кең. ~ Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың қол астына қарағанына қазақ тәубе қылу керек қой. Анығында қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр? Ж.Айм. ~ – Құтыртып отыр ғой! Барарың кім, білемін! «Пана болуға жараймын, жасқанба» деп отыр ғой! Бірақ, алып көрсін іргемнен кеп! Қойны-қолтығы кең неме екен ғой Байдалы, Байсал. Ендеше көк тұқылды, мұздай сүңгіні сол мырзалардың өз етіне қадармын! – деп, қалшылдап кетті. М.Әу. ~ …Ертесіне үзілді. Көз жұмды. Фәниден өшті. Бақиға көшті. “Кеңсайдың” қолтығы кең екен, Үлкен ағаны да құшағына алды. Осы күнге дейін санамнан өшпейтіні — сарқылып жазған сарқыты қайда екен? Аяқталмай қалған… И.Сап. ~ Кiре берiс аузы соншалық тар боп көрiнгенiмен, iшiне енгенде қолтығы кең жатқан үлкен мекемеге тап келдi. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *