Желіктірді, қыздырды, еліктірді. * Қайдағы бір жыр-мыр деп, екі жігіттің қолтығына су бүркіп отырғанын қарашы! М.Қаб. ~ Бас білмейтін байғұсты еліктіріп, Қолтығына су бүркіп, желіктіріп… Амал қанша, ұялам сақалыңнан, Таспа алар ем жоныңнан керіп тұрып! М.Мақ. ~ Еһ, бригадир! Сенен айырылып қалмасақ игі. Тым талантты екенсің.- Біреудің қолтығына су бүрікпесе тамағынан ас өтпейтін Әшір бұл жолы сөгіле сөйледі. Қ.Ысқ. ~ Кербездің өзі шақырып, қыз қу ойынына қатысқан сәттен бастап, одан дәлірегі қос жүйрік құйрық тістескен күйі жалғыз төбені айнала берген кезде, ондай батылдық қайдан пайда болғанын, қандай сайтанның қолтығына су бүріккенін өзі де білмейді, қызды ат үстінен жұлып алып, екі бетінен өпкен қас-қағым уақыттан бері өзінің ауру дейтін ауру емес, сау дейтін сау емес бір күйге түскені раc. К.Сег.
