Ілтипат білдіріп, тұруға (отыруға, аттан түсуге) көмектесті. ~ Қолтығынан сүйемелдемек болған біреудің қолын қағып тастады. Еламан қарт жұмысшының түрінен қорықты. Жолында тұрған кісілерді итермелеп, ұмтылып кеп қызыл вагонге қарт жұмысшымен қатар жетті. Келе сала қолтығынан сүйеді. Ә.Нұрп. ~ Əдемі құлын жарғағының оң жақ өңірі дал-дұл. Артындағы серігі ырғып түсіп, қолтығынан сүйемелдей берген. М.Мағ. ~ Жiгiт оқыс қимылдап, бейтаныс жанның қолтығынан сүйемелдедi. Оңбай жығылса керек, сүйретiле зорға орынынан көтерiлдi. Ә.Ыб.
- Қамқорлық жасады, қолдау көрсетті. ~ Қарт археологке Арман тәрізді бұрын еш қиындық көрмей өскен, өмірдің ауыр тегеуірінді сынынан өтпеген, және өмір үшін, өзінің болашағы үшін, әлі күресіп көрмеген жасқа қолтығынан сүйейтін бір күшті қолдың керегі айқын – ақ еді. І.Ес.
