Үнемшіл, аздың өзін көпке жеткізе білетін, қолы ашық адам туралы. ~ Үндемейтіндігінің үстіне Кәмилада тағы бір қасиет бар: оның қолы берекелі, тамағы дәмді. С.Шәй. * Не дегенмен Алтынайдың қолы берекелі қатын. Жылына тістей қатып, тырнақтап жүріп, үш сиырдан үш-төрт қарын май алады. Ж.Айм. ~ Тәтті-дәмдіні аузына тосып, анасы мұны жаман үйреткен. Күлмәштің қолы берекелі-тін. Ө.Кәр. ~ Қоңырша тәрізді қолы берекелі бәйбішелер – үлкен ауыл аталатын ферма орталығындағы үйлерге бүрменің алды деп сыбаға апарды. Ө.Кәр.
