Жолы ауыр, ісі алға баспады. ~ Қанша тапса да, қолы құтаймады, алдына мал салмады. Қ. Найм. ~ Осы дүкенге-ақ жібі түзу адамның қолы құтаймады, – деп қиналды қолқа салушы, – бірі олай, бірі бұлай. Ж. Түм.
- Балалары тұрақтамады, өле берді. ~ Жеңгелей алған әйелден он бала көрді. Тек қолы құтаймады.Соның көбі аяғы шығар-шықпаста бірі қызылша шығып, бірі өкпесіне салқын тиіп, Әлиза көтерген тоғыз құрсақ қазір түгелдей қара жердің астында. Ә.Нұрп.
