Posted in

ҚОЛЫ ҚЫШЫДЫ

Бірдеңе істегісі келіп, тынышсызданды; төбелескісі келді. ~ Қалайда төбелес шыққалы тұр. Мұрданың іші сезіп, пəле бола ма деп, қорқып отыр. Не қылу керек? Қаны қайнаған, қолы қышыған жігіттерге басқа бір ермек, басқа бір жол тауып, төбелестің бетін бұру керек қой. Ж.Айм. ~ Өзінен бақандай он жас кіші жігіттің етіңнен өтіп, сүйегіңе жетер зілді сөзі шымбайына батты– ақ. Бетінен салып қалмаққа шынымен– ақ ойы кетіп, қолы қышиды. Болмайды… болмайды. О.Бөк. ~ Сондықтан осындай қара ниетке көптен қолы қышып, құлшынып жүрген бұзақы інісі Бужыңханы Ысқақтың қасына әдейі қосып еді. Қ.Жұм. ~ Қираған тас қиялымның кейбір бөлшектерін қозғап өтті ме, соған қарағанда өзгерген дүние ой дүниесінде де өзгеріс туғыза ма деймін, сурет салғым келіп, қолым қышыды. Жансыз-тілсіз тас төбешігі де қиял қоздырады екен. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *