Тәніне қол ұшын тигізді. ~ Енді еті тығыршықтай жұп-жұмыр денесіне қолы тиіп, дөңгелектеу жанарлы қара көзі мен көзі айқасып, уытты, тəтті ернін татқан соң, сарт айтқандай: «Мұнысында бір гəп бар екен» деп, түйді де қойды. Ж.Айм. ~ Үй оңаша болса да, суға барса . да кездескен келіншекті құшақтап, арсалақтап қалады. Марданға бұл бір мұрат. Сақытайға қолы тисе тар дүниесі кеңіп сала береді. Келіншек те Марданға бейілін салып жіберген. Тек ығын тапқан жерде қойшыны құшақтап қалуға ол да қапысын іздеп тұрады. І.Жанс. ~ Атақты құрылысшы қапелімде қайтерін білмей қалды; тек ерке қыздың аңдаусызда қолы тиген әлгі жер ток ұрғандай дір етті. Ә.Нұрп.
- Бос уақыт тапты. ~ Андрей дейтін орыс. Қазақшаға судай. Сібірге айдалып жүріп жер ауған қазақтың ұрысымен бірге қашып, қазақ ішіне келіп, сіңісіп 5 жыл тұрған екен. Қазақтан көрген жақсылығын ұмытпайды екен. Сол орыс қолы тигенде Қартқожаны аздап оқытып тұрды. Ж.Айм.
- Ұрып-соқты, қол жұмсады. ~ Ш е р н и я з. Әйелдің аты әйел, тиген байың, Шоқанға қолы тисе жазатайым, Балаға ара түсуге әлің келмей, (Баласын иіскеп). Сол күнде өкінерсің, шегіп уайым Сонда сен жылайсың ғой кішкентайым. Ж.Айм.
