Posted in

ҚОЛЫМ ЖАҒАҢДА

Қайтсем де кегімді қайтарамын д.м. Бітіспес жаулыққа бару. * Құнанбай баласы, не осы жерде өлтіріп, қара сорпамды ішерсің! Болмаса, ахиретке дейін екі қолым жағаңда! Тек қыларыңның бәрін бүгін қылып қал! М.Әу. *Ағайын, мына Ахметқан бiр түнде үш айғыр үйiр жылқымды алдырды. Ошыржап уаң: «Малымды қайтарсын, әйтпесе қолым тағы жағаңда жүредi, қазақ! » дейдi. Мен де соны айтам! – деп, айтпағын келте қайырды. К.Сег. *«Зорсынғанға Алла бар, сом темiрге балға бар!» Бүйтiп қорлағанша бiрден жоқтауымды асыр, әйтпесе, айтпады деме, өле- өлгенше қолым жағаңда, тiсiм кеңiрдегiңде кетер. К.Сег. * Дәл сол кезде менің қолым жағаңа жармасады, Мақан! — Бектемір бірте- бірте үдеп, даусын күшейте, денесін дірілдете бітірді сөзін. С.Смат.~ — Әй, тектіден туған текешік. Қатын – мен, шала өлгенді сүйреп, өлгеннің қамын ойлап, үсініп-қабынып келемін. Өлмеспін! Жетермін! Қолым екі жағаңда болар. Ауданына да, аймағына да барармын. К.Жүніст.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *