Кедергі болды, жолын бөгеді, тұсаулады. ~ Не де болса сол жолы сөз салып, көнсе алып кетуге бел байлап бір тұрды да, қыздың әлі он алтыға толмағаны, Тұрсынның үйленбей жалғыз жүруі қолын байлады. Б.Тоғ. ~ Шабан-шалаң тіршілігі қолын байлап, атажұртқа ат басын бұруға жағдайы жар бермейтіндігін айтып, мұңын шақты. Ы.Дәб. ~ Базарға құр алақан барып келді, Ине-жіп пен оймақты алып келді, Жоқтық шіркін арқансыз қолын байлап, Жүрегі қуанғаннан жанып келді. М.-Ж.Көп.
