Бір нәрсені істеуге кедергі болды, бөгет жасады. ~ Шаруасына пысық жанның дегбірін алып, шыдамын тауысқан, жалқауды жылы үйінде есінеткен мына жауын ауыл шетінде әлдекімнің тамын салып жатқан мердігер төрт жігіттің де қолын жіпсіз байлап, ішін пыстырып жіберді. Ж.Баз. ~ Бұл оның көп уақытын алып, нақты шұғылдануына тиісті көп мәселелеріне мойнын бұрғызбай, аяқ-қолын жіпсіз байлайды. Сөйтіп жүргенде уақыт зымырап өте беред. М.Им.
