Үйленді, әйелдікке алды. ~ Жамбыны атып түсірген жігіт (әлбетте қыз келісімін алмаған мерген бұл жарысқа қатыспауы керек. Ал жастардың келісімін білу өздеріне тапсырылсын) сүйгенін қалыңсыз, құдалықсыз, дәл осы думан үстінде қолына қондырады. С.Смат. ~ Айтылар сөз айтылды, енді тайсақтаудың орны жоқ. Тағдырын сеніп тапсырған қорғансыз аруды қалайда қолға қондыруы керек. Қ.Жұм. ~ Сөйтіп жүргенде қызымызды анау жон арқасы жыбырлаған күйеу баламыз қолына қондырды. Қ.Түм. ~ Елеусіз сүйген қызын күс қып қолға қондырған күннің өзінде баянды бақыт таба қоярына кім кепіл? Т.Әл.
- Икемге келтірді, көңілін аулап алды. ~ Секратардың тілмәші жайында қалды. Ішкі қытайдың жоғары мектебінен білім алған Қанат, қытай тілін өзгеше жатық сөйлейтін. Ауыл секратарын асықтай үйіріп, қолына қондыра қойды. Арамзалығы ма, аңғалдығы ма, беймәлім. Т.Рыс. ~ Құдай бұйырытса сәті түсейін деп тұр. Ауыл секратарын қолға қондырсақ, бізге қайсы қытайдың тісі батып, көлденең түседі дейсің?” Т.Рыс.
