Үйленді, отау құрды. * «Бекер болды» деп ойлады, жүрегінің қалауы, айрықша жақсы көретін асылы, бары, қолына құс қып қондырғалы жүрген қалыңдығы – Жансаяның қасында бөтен, күнәлі пиғыл ойламауы керек еді! Д.Досж. * … ортаншы қыз университетте оқып жүріп алыпсатар кәрістің қолына құс боп қонды … Д.Дос.
- Ұлжан жеңгесі: “Құдай қаласа, осы үй біткен кезде Әппағымның қолына құс қондырамыз”,— деп қиялдана күрсінгенін естігенде, Арасанбай тебірене қоймады. Ә.Тар. * Оның үстіне өзін кінәлы санап, Едірейдің де қолына құс қондырып беруді ойластыра бастады. С.Смат. * Біреудің қолына құс қонса, қызыл көрген құзғындай жиналып, қашан шоқығанша шыр айналасыңдар. Сен мінер дүлдүлді мен неге мінбеймін. С.Жүн. * — Сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ, жалғыз інім қолына құс қондырған күні жаның құдайы, жануар! — деп Ұлтарақ дөп-дөңгелек майлы беті күлімдеп, риясыз ыржиып, ұзын пышақты қолына ұстай берді. Қ.Түм.
