Өнерлі, қолының ебі, икемі бар. * Сонсоң қолының епсегі бар адам отыра ма, оның үстіне, осы күні қолдан жасалған қобыз, домбыра дегендер ерекше қымбаттап кеткен… О.Сәрс. * Әкемнің мәсі ұлтарып, етік жамауға қолының епсегі бар еді, бір ескі қара пиманың табанына көн салып, ілекер ғып берген, соны шұлғау оранып аяғыма іліп алдым. Н.Сер. * Ата кәсібі — қой бағуға бар ықыласымен берілген шаруақор шопан малдың анау-мынау ауруын түрлі шөп қоспаларынан өзі жасаған дәрімен емдеп, айырыма ақсақ қойға, лоққыатқа пышақ жұмсап, залалды ісікті сылып тастайтын қолының емсектігі бар. Ө.Кәр. ~ Жақсы. Көбірек жазсаңшы. Бұқараның газеті көбіне штаттан тыс, өзің сияқты қолының жорғасы барларға зәру ғой. Н.Дәу.
