Ұрлық жасауға бейім адам туралы. ~ Ойбай құдай-ау, мына Әбілбай шалдың қолының жымқырмасы бар ма еді?! Мынау менің сүйек маңдай доғам ғой! Алдыңғы жылы жоғалған еді… Сұмдық қой… Ғ.Қаб. ~ Мына бір оқиға да әлі күнге дейін көпшіліктің жадында. Жаз бойы маңдай терімен өсірген құстарын қолының жымқырмасы бар көрші жігіттер бір түнде үптеп кеткеніне ашынған бір әжеміз: “Қаздай қаңқылдап қалыңдар”, – деп қарғаған еді. А.Ысқ. ~ Аяқастынан қолының жымқырмасы бар әлдекімдердің ұрлап кеткен бұғысымен қайта қауышып, төбесі көкке жеткендей болды. Т.Айтб.
