Көшіп кетті, тұрағын ауыстырды. ~ Айдостың әкесі Сыр бойынан Ерәлінің соңғы жорығының тұсында қоныс аударыпты. З.Шүк. ~ Мұстапа дәл сол Тұрлыбайдікіне келіп түсті. Екеуі құрдас, жерлес, тату ағайын. Былтыр қоныс аударған бері көріспеген. Ғ.Мұст. ~ Шынында да, Қазы қайтып оңала алмады. Ауыл қоныс аударып Суықбұлаққа қонған күні ажал жастығына бас қойды да, ертеңіне түн ортасында көз жұмды. М.Мағ. ~ «Қайта шапқан жау жаман», шығынсыз тұрғанда ың-шыңсыз қоныс аударып, «Жанайдың жалғыз аяғы» арқылы Шудың сыңсыған қамысына сіңіп кетуді абзал көрді. Т.Әл.
