Posted in

ҚОНЫШЫНАН БАСТЫ

Ойына келгенін істеді, еркінсіп кетті. ~ Көк төбелі үй, пар-пар жорғалары — осы отырған жігіттердің барлығына да мәлім. Ыбырайым Омбы қаласында қонышынан басып жүреді. Қайда мәжіліс, қайда жиын болса — Ыбырайым сонда. І.Жан. ~ Әй, өлдік қой! Әкесінің аузын ұрып… бүгін бір дүниені қонышынан басайықшы…— деп Шақай алдындағы сырасын жұтып жіберді. І.Жан. ~ «Миы суға айналып кетпесе, алды-артын ойлайтын жасқа жеттi ғой. Неменесiне сенiп, қонышынан басты екен? Кiмi бар тiреп тұрған? Ә.Ыб. ~ Ертеңнен кешке дейін табаныңды тас тіліп, шекеңді күн күйдірді… Иә, ол заман өтті-кетті! Енді бар билік өз қолымызда. Ал қолынан келген қонышынан басады. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *