Дөңес келген үлкен мұрын. ~ «Дәуір» бітті. Кісілер тысқа шықты. Арасанға түскендей, пысынап, қошқыл маңдайынан, қоңқақ мұрнынан шып-шып тер шығып, бала молда да тезірек далаға ұмтылды. Сонда ғана ауыр күрсініп, демін бір алды. Ж.Айм. ~ Бірақ тіл-жақсыз тынған кержақ шал селт етпейді. Ат жақты‚ қоңқақ мұрын‚ астау бас‚ дөң қабақ кержақ керең еді… А.Алт. ~ Биыл жетінші класта оқитын оқу озаты Ажар деген қызға ғашық боп, өлең жазған. Дауысы дірілдеп, қоңқақ танауының ұшы тершіп, онысын маған оңашада оқып берген. Т.Сәу.
