Өлместің күні, төмен тұрмыс, ептеп-септеп күнелту. ~ Шүкір, көрсеткіштері тәуір. Жоспардан асып, міндеттемеге жете жығылып жатыр. Қысқасы, қоңторғай тіршілік… М.Қаб. ~ Бір күн істеп, екі күн демалады. Тапқаны қыдыру мен тамағынан аспайды. Қалада жұмыс істеп жатыр деген аты болмаса, қоңторғай тіршілік қана. Е.Бақ. ~ Шалқыған бай да емес, сіңірі шыққан кедей де емес, өз күнін өзі көріп, қоңторғай тіршілік еткен. Б.Тоғ. ~ Анау тірлік анау қоңторғай тірлік құлатөбел тіршілік өмір бойы балалық дәуренде де, өспірім кезде де өзін өзгелерден кем тұтқызған, өксіте қорлантқан кебі екен ғой. С.См.
