Жұмсақ естілетін, құлаққа ұнамды үн. ~ Ой, рақмет, көп жасаңыз, сіз болмағанда мен секіре алмайтын едім. Ана жақтағы көпірді айналатын едім, — деп, әйел сүп сүйкімді қоңыр дауысымен маған алғыс айтып жатыр. Б.Соқп. ~ Өйткені Асадан өтіп, елсіз далаға шыққаннан қожекем көзін жұмып алып, ұзыннан-ұзақ сарынға салып, әлде дұға, әлде бәйіт айтып, жұп-жұмсақ қоңыр дауыспен әуендетіп, cap далада сарнап барады. Ш.Мұр. ~ Шешесі қара торы келген ірі сүйекті, мінезі салмақты кісі еді. Қоңыр дауыспен айтқан сөзі де салмақты шықты. С.Ел.
