Posted in

ҚОРАМСАҚҚА ҚОЛ САЛДЫ, БІР САЛҒАНДА МОЛ САЛДЫ

Ұрысқа дайындалып, қару-жарағын ептеді. ~ Бұл сөзді айтып Қобланды, Қорамсаққа қол салды, Бір салғанда мол салды, Көп оғына жол салды. “ҚҚҚ” ~ Батыр қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды, дара қызыл жебені адырнаға тіреді де, арқардың қақ жүрегін көздеп тұрып: «Аң да болса қарағым-ай, енді қайтейін, обалың анау үш мұндарға!»— деп, тартып жіберді. М.Қаб. ~ Іздеп жүріп, иен тауда күнге қақталып жатқан Жалғызкөздің үстінен түседі. Қорамсаққа қол салады, қол салғанда мол салады. Дәлдеп көздеп мірдің оғын атады. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *