Ыңғайсыз, жарасымсыз көрінді. ~ Жаңыл маған кеше түр тұлғасы қораш көрінгенмен, ап-ақылды кісі сияқты еді, сонысынан бүгін қалай өзгере қалғанына ғажаппын. С.Мұқ. ~ Бұл әйел сырт адамға, бір қарағанда, қораш көрінер, бірақ біз үшін аруағы асқар таудай. Кішкентай кеудесі шошайып, аяғын нығыз басып, ол келе жатқанда, өзіміз қаймығып, етек-жеңімізді жия бастаймыз. Т.Ахт. ~ Бекболат бұрынғыдай емес, сақал, мұрты да көбейіп, бет-аузы да ажымданып, бойы да аласарып, қораш боп қалғандай көрінді. Ж.Айм.
