Пейіштегі сұлудай д.м. ~ Жарбол кей күнде Сайын аталатын көшенің бойында, кейде сауналарда өзінің достарымен жүреді. Жандарында өңшең бір сұлу қордың қыздары. Ж.Шәк. ~ Көпжасар өз құлағына өзі сенбеді. Перінің көші, жынның ойнағы ма әлде? Қордың қызының, немесе әзәзілдің айғай-шуы ма? Т.Рыс. ~ Сыңғырлаған күлкiлерiне, нәзiк үндерiне дейiн айна қатесiз. Аңғары кең нәркес көздерi де тым ұқсас, қою қастары да айнымайды. Үшеуi де қордың үр қызындай үлбiреп тұр. Ә.Ыб.
