Тұла бойын үрей биледі. ~ Тағымен алысу, нысаналы оқ ату қайда, көңілге қорқыныш ұялап, əркім-ақ оң мен солға кауіптене қарай бастаған. М.Мағ. ~ Түннің өзі – жайып жіберген ақботаның шашы сынды. аспаннан сансыз жұлдыздар «жерде не болып жатыр» дегендей тесірейе қарайды, расында да, көктен белгісіз біреулер бақылап тұрғандай бойыңа қорқыныш ұялайды. О.Бөк. ~ Қабақтың ернеуінен төмен қарасаң, басың айналады. «Ұяны мұнша биікке салуын-ай!» Түгелдің көкейіне қорқыныш ұялайын деді. Ү.Жәл. ~ Қорқыныш ұялаған Уәзипаның көзіне қараған арасынан тұрған аң әуелі құбжықтай зорайып көрініп, дауысы шығып кете жаздады. К.Жүн.
