Posted in

ҚОРЛЫҒЫ ӨТТІ

Әбден қорлады, намысын аяққа басты. ~ Белсенділерге ерегісем деп, анадағы жиындарыңның ақырына қарамай кетіп қалдым. Солардың қорлығы өтіп барады әбден. С.Омар. ~ Балам, кеудеңде намыс болса, қимылда. Мына қаңғырған қазақтың қорлығы өтіп барады!—деді Тайшық хан. А.Сей. ~ Әлдихан үндеген жоқ. Әлгі жігіттің орнынан тұра беріп ұсынған сәлемін алмай қойғанына қапаланып қалған сияқты. Қызараңдап қалды. “Дударбас ит- ай, қашаннан да осының қорлығы өтті- ау”, ― деп мен де кәдімгідей қысылдым. Қыз әңгіме бетін басқаға аударды: Қ.Қаз. ~ — Өздерінде ең болмаса айыл жию деген болсайшы, тап бір әкесінің үйінде, немесе өз жерінде көсіліп жатқандай тым бейқам. — Әбден қорлығы өтіп еді.  Сәке, тез қимылдайық! С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *