Адамды қоршаған табиғат, материалдық және рухани орта. ~ “Адамзат табиғат заңына қарсылық жасамаса, табиғат адамға қарсы келмейді”, – деген Герцен. Адам мінезінің өзгеруі өзін қоршаған ортаның әсеріне тікелей байланысты. С.См. ~ Жалпы, ғалымдардың денi бiздi қоршаған ортаның соншалықты қарапайым да күрделi құрылымына таңданбай тұра алмайды. Ж.Шәк.
- Адамның өскен айналасы, тәрбие беріп, өнеге көрсеткен жақындары, туыс-туғандары, ауыл-аймағы. ~ Ескелдінің жастайынан зерек, тапқыр болып өсуіне қоршаған ортасы игі ықпал еткен. Б.Тоғ. ~ Жастайынан ізеттілікті сезінген бала өзгені құрметтегіш келеді. Өзіңді қоршаған ортадан шапағатты ұғынған сайын өмірге деген іңкәрлігі, құштарлығы арта түседі. Ә.Ысқ.
